Су тасқыны: 5 мыңнан астам адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр

Республика бойынша 54 389 адам үйіне оралды

Аян Кайырбаев
11/05/2024 - 14:36

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 442 жеке тұрғын үй мен 92 аула аумағын судың бағыты бұрылып, су сорылды, су басқан 342 үй мен 272 аула аумағында су сору жұмыстары жалғастырылуда. Барлығы 365 200 текше метр су сорылды. Күн сайын дронды қолдана отырып, су басқан аумақтарға аэровизуалды тексеру жүргізіледі.
Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан 14 үйден су сору жұмыстары жалғастырылуда, өткен тәулікте 206 850 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында 1,7 км бөген салу қалды. Сонымен қатар салынған бөгендерді қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді, жұмыстар жалғастырылуда.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 3 200 қапшық пен 217 тонна инертті материал төселді.
Республика бойынша 18 332 млн еріген қар суы сорлып, 10 969 тұрғын үй мен 3 350 аула аумағынан судың бағыты бұрылды.
54 389 адам өз үйлеріне оралды. 5 291 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 935  адам, 1 035 техника, 293 су сору құралы және 60 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды.
Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85