Израиль Рафахтағы операциясын кеңейтуді жоспарлап отыр

Мұндай шешімді елдің әскери-саяси басшылығы қабылдады

Аян Кайырбаев
11/05/2024 - 12:42

Израильдің әскери-саяси кабинеті Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтағы операциясын кеңейтуге дауыс берді, деп хабарлайды sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Аты-жөнін атамаған израильдік шенеунік  The Times of Israel газетіне үкімет кабинетінің Рафахтағы ЦАХАЛ операциясын жалғастыруды мақұлдағанын  растады, бірақ қосымша мәліметтер бермеді.
Axios хабарлауынша, әскери-саяси министрлер кабинеті де кепілге алынғандарды босату туралы келіссөздер жүргізу үшін Израиль командасына дауыс берді.
Бұған дейін АҚШ Израильді Палестинаның Рафах қаласына ауқымды шабуыл жасаса, әскери көмегін азайтамыз деп қорқытқан болатын. Алайда бұған жауап ретінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израильдің Газа секторындағы әскери операциясына қатысты халықаралық сынға ұшырап, қажет болған жағдайда израильдіктердің жалғыз соғысуға дайын екенін білдірді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85