Ел ішінен 200-ге жуық жас матрос әскерге іріктеліп алынды

Ақтауда әскери теңізшілер әскери ант қабылдады

Аян Кайырбаев
11/05/2024 - 09:28

Әскери-теңіз күштерінің жас матростары ант қабылдады.

Биылғы көктемде Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан шақырылған 170-тен астам жас Отанына адал болуға ант берді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, әскери бөлімдердің командирлері, Әскери-теңіз күштерінің офицерлері мен старшиналары, ардагерлер, жас матростардың туыстары мен жақындары қатысты.

Әскери-теңіз базасының командирі 2 дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы жас жауынгерлерге қызметте табыс тіледі. Ол сондай-ақ алыстан ат арытып келген ата-аналарға алғыс білдірді.

 Біз осы бір жауапты сәтті балаларымызбен бірге бөлісу үшін арнайы келдік. Ұлдарымыздың әскери борышын абыроймен орындап, үйлеріне аман-есен оралуын тілеймін, – деді Павлодар облысынан келген Құлзан Қалқанқызы.

Жас матростар қонақтарға қоян-қолтық ұрыс элементтері мен саптық дайындық әдістерін көрсетті.

Енді әскери теңізшілер бірнеше айға созылатын оқудан соң десанттық-шабуылдау батальонының, коменданттық ротаның және әртекті кемелер дивизионының бөлімшелеріне жіберіледі.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85