Тәжікстан президенті мен Путин Мәскеудегі терактіден кейін алғаш рет кездесті

Кездесуде Эмомали Рахмон еңбек мигранттары мәселесін көтерді

Sarbaz.kz редакторы
10/05/2024 - 17:16

Фото: kremlin.ru

Фото: kremlin.ru

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер барысында Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекеттің Тәжікстанның имиджіне келтірген зиянына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Тәжіктер – көне тарихы, мәдениеті, өркениеттері бар ежелгі халық. Болған оқиға, әрине, біз үшін өте ауыр. Бұл ұлтымыздың имиджіне, тарихымызға, мәдениетімізге және салт-дәстүрімізге үлкен зиян келтіріп отыр», - деді Тәжікстан президенті.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон терроризм мен экстремизмге қарсы күресте қос стандарттардан бас тартуға шақырды. Ол терроризмнің ешбір ұлт пен дінге қатысы жоқтығын баса айтып, бұл күресте жаһандық бірлікке шақырды.

«Тәжікстан халқы лаңкестік әрекетті айыптайды. Біз өзіміз 30 жылдан астам экстремизммен, терроризммен күресуді бастан өткердік және әлі де жүргізіп келеміз және оның не екенін жақсы білеміз. Тәжікстанның қайда екенін білесіздер, сондықтан бұл жаһандық мәселе», - деді Рахмон.

Республика басшысы еңбек мигранттарына қатысты кемсітушілік мәселесін де еске салды.

«Әрине, бүгін мен сіздермен кейбір мәселелерді, әсіресе еңбек мигранттарының жағдайын талқылағым келеді. Бұл біз үшін өте жауапты және басты мәселелердің бірі», - деді Эмомали Рахмон.

28 сәуірде Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарға жақын арада Ресейге бармауға кеңес берген. Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін Орталық Азия елдерінің, әсіресе Тәжікстан азаматтары Ресей құқық қорғау органдарының жіті назарында болды.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53