Жайық өзені қауіпті деңгейден екі метрдей асып кетті

Жаға бекіту жұмыстары толық көлемде аяқталды

Sarbaz.kz редакторы
10/05/2024 - 16:57

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

2024 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша, Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейі белгілі болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жайық өзенінің деңгейі:

  • Атырау қаласында – 531 см (қауіпті деңгей 550 см);
  • Индер ауданында – 1019 см (қауіпті деңгей – 845 см);
  • Махамбет ауданында – 927 см (қауіпті деңгей – 850 см).

Бүгінгі күні жаға бекіту жұмыстары толық көлемде аяқталды:

Индер ауданында жоспарланған 30 шақырымда жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп, 531 800 қап топырақ төселді.

Махамбет ауданында 105 шақырымда жаға бекітіліп, 1 172 400 қап топырақ төселді.

Исатай ауданында 78 шақырымда жаға бекітіліп, 309 730 қап топырақ төселді.

Атырау қаласы, Құрманғазы аудандарында бөгеттерді нығайту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Құрманғазы ауданында 97,1 шақырымда жаға бекіту жұмыстары жүргізілді (жоспарланды 98,6 шақырым).

Атырау қаласында 250,2 шақырымда жаға бекітілді (250,7 шақырым жоспарланған).

Жылыой ауданында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні су астында қалған 14 тұрғын үйден ТЖМ 1 бірлік ПНС-500, 6 бірлік ПНС-110, 10 бірлік мотопомпа, ЖАО 18 бірлік вакуум арқылы су сору жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге Атырау облысы бойынша жалпы есеппен 7 722 адам, 561 бірлік техника, 29 бірлік жүзу құралдары, 121 бірлік су сору құралдары жұмылдырылуда.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93