Бұл туралы Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлім етті
Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында террористердің көптеген қарулары және оқ-дәрілері тәркіленді, деп хабарлайды Sarbaz.kz TRT агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігінің дерегінше, Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында жүзеге асырылған іздеу барысында террористердің 34 560 дана мылтығы, 440 дана «PKMS» автомат, 1588 дана «Дочка», 25 дана «RPG-7» антитанк оқ-дәрі, 2 дана «RPG-7» адамға қарсы оқ-дәрі мен 20 дана алау табылды.