Үкімет бірнеше өңірдегі жылу қазандықтарын жөндеуге 16 млрд теңге бөлді

Үкімет басшысы жұмыс нәтижесін өзі тексеретінін айтты

Sarbaz.kz редакторы
10/05/2024 - 11:58

Көрнекі фото: gres2.kz

Көрнекі фото: gres2.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында алдағы жылу маусымы үшін жылу қазандықтарын жөндеуге бөлінген қаражат туралы айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бектеновтің айтуынша, өткен аптада Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Сондай-ақ Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінді.

«Энергетикалық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қосымша өзгертулер енгізілді. Енді «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде биылдың өзінде қолданыстағы стансаларды жөндеу мен жаңғыртуға шамамен 327 млрд теңге тарту жоспарланып отыр. Қаржы бірінші кезекте әбден тозығы жеткен объектілер мен желілерді жөндеуге жұмсалуы тиіс», Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4