Германия АҚШ-тан қару-жарақ сатып алып, Украинаға береді

Бұл туралы Германияның қорғаныс министрі мәлімдеді

Sarbaz.kz редакторы
10/05/2024 - 11:42

Фото: Lockheed Martin

Фото: Lockheed Martin

Германия қорғаныс министрлігінің басшысы АҚШ-тан Украинаға үш HIMARS жүйесін сатып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Германия Америка Құрама Штаттарынан үш HIMARS зымыран кешенін сатып алып, Киевке береді. Германия қорғаныс министрлігінің басшысы Борис Писториус Вашингтонда Пентагон басшысы Ллойд Остинмен келіссөздерден кейін осындай мәлімдеме жасады.

AFP агенттігі Остинмен кездесуден бұрын Писториус әлемге әйгілі қару-жарақ өндіретін, оның ішінде Patriot және Stinger зениттік-зымырандық кешендері, сондай-ақ әртүрлі кластағы, үлгідегі зымырандар шығаратын Raytheon қорғаныс компаниясына барғанын жазды.

Ведомствоның хабарлауынша, компания басшылығымен кездесуде әскери өнімдерді жеткізу мерзімін қысқарту мүмкіндігі талқыланған.

DW басылымының хабарлауынша, Писториус АҚШ пен Канадаға төрт күндік сапары кезінде Владимир Путиннің Украинаға соғысын «әлемдік тәртіпке ең үлкен қауіп» деп атады және Германияның қорғаныс шығындары артқанын мәлімдеді.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04