Ол соңғы екі жылда саяси баспана сұраған Польшаның екінші азаматы
Польшалық судья Томаш Шмидт Беларусьтен саяси баспана сұрады. Минскіде жүріп ол отставкаға кету туралы хатқа қол қойып, Беларусь билігінен көмек сұрады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шмидт өз сөзінде Польша билігінің Беларусь пен Ресейге қатысты саясатына қарсы екенін айтты. Судьяның айтуынша, ол саяси көзқарасына байланысты Польшадан кетуіне мәжбүр болған.
Шмидт кеткеннен кейін Польшада оған тыңшылық жасады деген айып тағылып, тергеу басталды. Премьер-министр Дональд Туск кейбір құпия құжаттар судьяға қолжетімді болғанын айтты.
Ол сондай-ақ Шмидттің Беларуссия билігімен байланысы өткенге негізделгенін қозғап өтті.
«Біз Беларусь қызметтері (бұрынғы) әділет министріне тікелей қол жеткізе алатын адаммен жұмыс істегенін білуіміз керек... бірде-бір құпия қызметке қандай-да бір бағамен қол жеткізуге болмайтын құпия құжаттар бар», - деді Туск журналистерге.
Минскіде өткен баспасөз мәслихатында Шмидт Беларусь өз пікіріңді алаңсыз айтуға болатын ел екенін және Александр Лукашенконы «бейбітшілік пен тыныштықты сақтағаны үшін» құрметтейтінін айтты.
Ресей мен Украина соғысы басталғалы бері бұл – Польша азаматының Беларусьтен баспана сұраған екінші оқиға.
Осыған дейін Беларусь билігіне Польшаның дезертирі Эмиль Чечко да осындай өтініш жасап, көмек сұраған болатын.
Польшада Чечкоға қарсы қылмыстық іс қозғалып, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Беларусь еліне көшкеннен кейін көп ұзамай Эмиль Чечко Минскідегі пәтерінде асылған күйі табылды.