Польша Bayraktar дронын сатып алды

Жақын арада әуе шарларын жеткізу келісімшартына қол қою жоспарланып отыр

Sarbaz.kz редакторы
16/08/2023 - 15:13

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Польша Швециядан алыс радиолокациялық ұшақтарды сатып алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz поляк қару-жарақ агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Агенттік Қарулы Күштердің төменгі атмосфералық радиоэлектрондық барлау қажеттіліктеріне негізделген Saab 340 AEW алыс қашықтықтағы радиолокациялық анықтау ұшақтарына тапсырыс берді. Сонымен қатар Bayraktar TB2 дрондары сатып алынды, сонымен қатар жақын арада әуе шарларын жеткізу келісімшартына қол қою жоспарланып отыр. Бұл Қарулы Күштердің мүмкіндіктерін едәуір арттырады және радиолокациялық барлау аймағын кеңейтеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен айда Delfin электронды барлау кемесінің жобасы қолға алынды. Ол 2027 жылы Польша Әскери-теңіз күштеріне берілмек.

«Бұл – теңіз суларында радиолокациялық барлау жүргізе алатын тағы бір кеме. Теңіз шекарасын жабуға мүмкіндік беретін ең заманауи шешім», - деп мәлім етті поляк қару-жарақ агенттігінің баспасөз қызметі.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4