Әскерді басқару жүйесі байланыс құралдарын, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, жоспарлау мен басқаруды қамтиды
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Sarbaz.kz сайтына берген сұхбатында әскери басқару жүйесін енгізу туралы айтты..
Мәселен алғашқы жүйелер авиациялық басқару үшін қолданылып, әуе қорғанысы күштеріне енгізілді. Жүйені беларусь мамандары әзірлесе, қазақстандықтар мамандар оны жетілдіре түсті. Алайда ол 2017 жылдан бері жаңартылмаған.
Жүйе қолданыста болды, бірақ 2017 жылдан бері іске қосылмаған. Бұл оны жақсартуға заңды түрде инвестиция салуымызға кедергі болды. Ол өткен жылы ғана коммерциялық пайдалануға берілді, – деді Ахмедиев.
Бүгінгі күні басқа да әскери бөлімдер үшін басқару жүйелері әзірленуде. Мысалы әскери-теңіз күштері бойынша техникалық тапсырмалар орындалып, әртүрлі елдердің көптеген ұсыныстары қарастырылды.
Бізге франциялық, италиялық, қытай, түрік, тіпті пәкістандық компаниялардан ұсыныс түсті. Қазір біз ең оңтайлы бағаны таңдау бойынша ұсыныс жинап жатырмыз, – деп бөлісті вице-министр.
Ахмедиевтің айтуынша, әскери басқаруды цифрландырып беретін жергілікті компаниялар жоқ. Сондықтан жоспарға сәйкес, шетелдік шешімді сатып алып, жергілікті бағдарламашыларды пайдалана отырып, қазақстандық ерекшелікке сай түрлендіру жоспарлануда.
Бізде жергілікті компаниялар жоқ, – деп түйіндеді ол.
Құрлық әскерлеріне арналған басқару жүйелерін бірнеше бағыт бойынша бөлу жоспарлануда, өйткені олар көптеген шешімдерді қажет етеді. Мысалы оған әскерлерді жедел және стратегиялық деңгейде басқару кіреді. Бұл әртүрлі жүйелерді бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.
Әскерді басқару жүйесі (ӘБЖ) – жауынгерлік іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде әскери күштерді тиімді басқаруға арналған ұйымдық құрылымдардың, техникалық құралдар мен процестердің жиынтығы. Ол стратегиялық міндеттерді басқарудан бастап, ұрыс даласындағы жеке жауынгерлік бөлімшелерді басқаруға дейінгі барлық басқару деңгейлеріндегі әскерлердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі армияда жауынгерлік басқару көбінесе компьютерлік желілер, спутниктік байланыс, бақылау және қашықтан басқару жүйелері сияқты озық ақпараттық технологияларды қолдануға негізделген.
Әскерлерді басқарудың тиімді жүйесі қауіптерге жедел ден қоюды қамтамасыз етуде, әскерлердің үйлестіру мен маневрлік қабілетін арттыруда, ұрыс қимылдары кезіндегі шығынды барынша азайтуда шешуші рөл атқарады.