Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,5 млн адам жұмылдырылды – генерал

Елордадағы «Жерұйық» саябағында қазақстандық жауынгерлерді еске алды

Аян Кайырбаев
09/05/2024 - 15:15

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жеңіс күні Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен Қарулы күштердің ардагерлері генерал Иван Панфиловтың ескерткішіне және 28 панфиловшы батырлардың мемориалына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Еске алу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қорғаныс министрінің орынбасарлары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров, генерал-майорлар Шайх-Хасан Жазықбаев, Бақытбек Сыдықов, Қарулы күштердің ардагерлері, ауған жауынгерлері және "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. Олар бір минут үнсіздікпен қазақстандық жауынгерлерді еске алды.

Соғысқа Қазақстаннан түрлі дереккөздер бойынша 1,2-ден 1,5 млн адамға дейін жұмылдырылды. 12 атқыштар дивизиясы, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 дербес батальон аттаныпты. Бұл адамзат тарихындағы ең қанды соғыс болды. 500 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қаһарман  жауынгерлерге құрмет көрсете отырып, біз Жеңіс үшін өз өмірін қиған аталарымыз бен әкелерімізге тағзым етеміз. Олардың ерлігі ғасырлар бойы жалғасып келеді, – деп атап өтті «Қарулы күштердің А мардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 147 ардагері тұрады. Бұл күндері оларға әскери қызметшілер құрмет көрсетіп, музыкалық оркестр ұжымдары өздерінің тұрғылықты жерінде соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, концерттер өткізуде. Майдангерлердің басты тілегі «ашық аспан, бейбіт күн» болып қала береді.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75