Тоқаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Аян Кайырбаев
08/05/2024 - 12:01

Ақорда

Ақорда

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88