Мамыр мерекелерінде қандай фильмдер көруге болады?

Қазақстанның әскери қызметкерлері туралы фильмдер ұсынамыз

Аян Кайырбаев
08/05/2024 - 11:42

Brod.kz

Brod.kz

Sarbaz.kz назарларыңызға 7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған қазақстандық фильмдердің тізімін ұсынады.

Алтыншы пост

Басты кейіпкерлер Ерлан мен Дәуреннің басынан өткен қасірет олардың ескі достығын бұзып қана қоймай, оларды майданның қарама-қарсы жағында қарсыласуға әкелді. Бұрынғы достар, ал кейін сарбаз бен тұтқын арасындағы қақтығыс кезінде оларды қиын таңдау жасауға мәжбүр ететін оқиғалар басталады. Бұл таңдау ел тарихы мен шынайы ерлікке деген көзқарасты өзгертеді.

Жас Ұлан

Көркем телефильм үш ұландық достың өмірін баяндайды. Көрермендер ұлдар мен олардың құрдастары арасындағы қарым-қатынастың дамуын, өсіп-жетілуін, кейіпкерлердің қалыптасуын және ең күтпеген, тіпті экстремалды жағдайда сыналатын ерлер достығының пайда болуын тамашалай алады.

«А-ға» қайта оралу (Возвращение в «А»)

Ресейлік телевидение қызметкерлері мен қазақстандық кинематографистерден құралған жас, шығармашылық топ Алматыдан Ауғанстанға «Ескендір Зұлқарнайынның жолымен» деректі фильмін түсіру үшін сын-қатерге толы сапарға аттанды. Олармен бірге кезінде Ауғанстан жерінде соғысып, ұрыс кезінде аяғынан айырылған азамат Марат Аюмов бар. Ол парсы тілін, ауған халқының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері және «заңдарын» жақсы біледі. Бірақ оның Ауған соғысы аңызы «Қара майор» қолбасшылығымен КСРО ГРУ-ның мұсылман арнайы жасақтары батальонында қызмет еткенін және оның Ауғанстанға оралуының өзіндік себептері бар екенін ешкім білмейді...

Патриоттар уақыты

Ағайынды Сұлтан мен Бекзат отбасылық дәстүрді жалғастырады. Үлкені Сұлтан – ержүрек барлаушы, кенжесі – дарынды жауынгер ұшқыш. Әкелері қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болғанымен, тіл табыса алмаған ағайындарды біріктіретін оның естелігі мен қызметі ғана қалады. Еліміздің қауіпсіздігіне халықаралық лаңкестік топ қатер төндірген кезде ағайындар адам өмірін сақтап қалу үшін бірігіп, отбасы, жақындары және Отаны ең қымбат дүние екенін ұғынуы керек.

Бүркіт арнайы жасақ бөлімі

Фильм сценарийі нақты оқиғаларға негізделген. Ол арнайы жасақта қызмет ететін үш сарбаздың достығы туралы. Олардың күнделікті міндеті – қауіпті қылмыстық топтармен күресу. Осындай текетірестердің бірінде олардың достығы сыналады.

Қазбат

1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің (қазіргі Ұлттық ұлан) ТМД сыртқы шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан 17 жауынгердің ерлігі туралы фильм. 

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88