Зеленский: Ресей 50-ден астам зымыран мен 20-дан астам дронмен соққы жасады

Соққылар Украинаның 7 аймағына қарсы жасалды

Аян Кайырбаев
08/05/2024 - 10:16

t.me/V_Zelenskiy_official

t.me/V_Zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский энергетикалық нысандарға жасалған кезекті жаппай шабуылды Украинада 8 мамырда атап өтілетін Екінші дүниежүзілік соғыстағы нацизмді жеңу мен еске алу күнімен байланыстырды, деп хбарлайды ВВС. 

Львов, Винница, Киев, Полтава, Кировоград, Запорожье, Ивано-Франковск облыстарындағы инфрақұрылымға қарсы 50-ден астам зымыран мен 20-дан астам «шахид» дрондары атылды. Барлық қажетті қызметтер террордың салдарын жойып, қазіргі кезде жұмыс істеп жатыр. Бүкіл әлем кімнің кім екенін анық түсінуі керек. Бүкіл әлемнің нацизмге тағы бір мүмкіндік беруге құқығы жоқ, – деді Зеленский.

Ресей жаңа жаппай шабуыл туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді. Энергетика министрінің айтуынша, 6 облыста энергетикалық нысандарға шабуыл жасалды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91