Украина президенті Зеленскийге қастандық жасағысы келгендер ұсталды

Украина арнайы қызметі қастандық дайындады деп Ресей билігін айыптады

Аян Кайырбаев
08/05/2024 - 09:09

ВВС

ВВС

Украинаның қауіпсіздік қызметінің офицерлері президент Владимир Зеленскийді және елдің басқа да жетекшілерін өлтіру жоспарын ашқанын мәлімдеді. Украина арнайы қызметі қастандықтарды Ресей билігі дайындады деп айыптады, деп хабарлайды sarbaz.kz ВВС сайтына сілтеме жасап.

УҚҚ мәліметінше, Зеленскийді, сондай-ақ Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Будановты және УҚҚ басшысы Иван Малюкті өлтіру жоспарланған.

Операция аясында Украина президентінің қауіпсіздігіне жауапты Мемлекеттік күзет қызметінің екі полковнигі ұсталды.

ФСБ барлау желісінің міндеттерінің бірі президенттің қауіпсіздігіне жақын әскерилер арасынан мемлекет басшысын кепілге алып, кейінірек өлтіре алатын орындаушыларды іздеу болды, – деп жазады ҰҚҚ Telegram арнасында.

ҰҚҚ мәліметі бойынша, олар Будановты Пасха алдында өлтіруді жоспарлаған және қастандық жоспары келесідей болды. Біріншіден, жұмысқа алынған агент күзеттегі адамның қозғалысын бақылап, жауға ақпарат беруі керек еді. Содан кейін «ол шенеунік тұратын үйдің координаттары бойынша зымырандық шабуыл жасау жоспарланған болатын».

 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85