Оған SPD партиясының электрондық пошталарына жасалған кибершабуыл себеп болды
Германия үкіметі Мәскеудегі елшісі Александр Ламбсдорфты кеңесу үшін Берлинге шақырып алды. Бұл шешімді дүйсенбіде Берлиндегі йедералдық сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.
Елшіні шақырып алуға Ресейдің неміс SPD партиясының мүшелерінің электрондық пошталарына жасалған кибершабуыл себеп болды.
Александр Ламбсдорф Берлинде бір апта болып, кейін Ресейге оралады деп күтіліп отыр.
Германия үкіметі APT 28 хакерлер тобын SPD мүшелерінің электрондық пошта тіркелгілерін бұзу үшін Microsoft Outlook бағдарламасындағы маңызды осалдықты пайдаланғаны үшін жауапты деп санайды. Хакерлер мұны кем дегенде 2022 жылдың наурызынан бастап жасаған деп есептеледі.
Сонымен қатар, кибершабуылдар логистика, қорғаныс, аэроғарыш және IT секторларындағы мемлекеттік мекемелер мен компанияларға да бағытталған. Германия үкіметі жариялаған есеп бойынша, SPD-ге жасалған кибершабуылға ресейлік ГРУ әскери барлау бөлімі жауапты.