Жайық өзенінде су қауіпті деңгейден бір метрге жуық көтерілді

БҚО-дағы Тайпақ ауылында жағдай ерекше бақылауға алынды

Sarbaz.kz редакторы
06/05/2024 - 16:46

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

БҚО-да елді мекендер мен тұрғын үйлерге төніп тұрған қауіп жоқ. Жайық өзенінің су деңгейі күн сайын қауіпті межесінен төмендеп келеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Тайпақ елді мекенінде ғана су деңгейінің көтерілгені байқалады. Судың деңгейі – 9 м 23 см. Қауіпті деңгей 8 м 50 см болса, ол 73 см көтерілген. Бұл елді мекен Атырау облысына жақын орналасқан. Ол бойынша жағдай ерекше бақылауға алынды. Керекті құрал-жабдықтар мен бөгеттер салынып, қапшықтар төселіп жатыр», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазіргі уақытта жол-көлік қатынасынсыз бір елді мекен қалып отыр. Ол қажетті азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамылған. Тұрғындарға қауіп төнген жоқ.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91