Ресейдің Пасха мерекесі күнгі Украинаға шабуылынан бейбіт тұрғындар зардап шекті

Тұрғын үйлер, автокөліктер мен кеңсе ғимараттары зақымданып, қираған

Sarbaz.kz редакторы
06/05/2024 - 16:12

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Украинада православиелік христиан дінін ұстанатындар Пасха діни мерекесін тойлаған күні Ресей әскері Харьков қаласы мен облысқа шабуыл жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі күні Ресейдің Харьков пен аймаққа жасаған соққысынан кемінде бір адам қаза тапты. Тағы 17 адам жарақат алды. Тұрғын үйлер, автокөліктер мен кеңсе ғимараттары зақымданып, қираған.

Украина прокуратурасы Ресей армиясының соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу фактісі бойынша тергеу бастады.

Америкалық соғысты зерттеу институты жаңа талдау есебінде Ресейдің Украинаның солтүстік-шығысына, оның ішінде Харьковке қайтадан шабуыл жасауы мүмкін солтүстік тобын құруды жалғастыратынын еске салады.

Дегенмен, Ресейдің Харьковты бұл бағытта шабуыл жасауға әлі күші жетпейді дейді сарапшылар.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91