Астанада жолаушы тасымалдайтын автобустар саны артады

Желіге екі жаңа бағдар, №49 және №57 қосылады

Sarbaz.kz редакторы
15/08/2023 - 20:19

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Астанада жолаушы тасымалдайтын маршруттар саны артады. 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар, №49 және №57 қосылады, деп хабарлайды Sarbaz.kz «City Transportation Systems» (CTS) ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

CTS мәліметінше, №49 бағдар Мамандандырылған ХҚО-ны Бас мешітпен байланыстырады. Бұл «Көктал-1» – «Көктал-2» тұрғын алаптары және «Көктал» саябағы, «Жағалау» тұрғын алабымен көлік байланысын жүзеге асырып, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

«№ 57 бағдар «Нұрлы жол» теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде қызмет көрсетуге, Сығанақ, Сарайшық және А.Байтұрсынұлы көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасын іске қосу күні жақындағанда жариялаймыз», - деді City Transportation Systems мамандары.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91