Елімізде Сержанттар күні атап өтілді

Sarbaz.kz редакторы
01/07/2023 - 21:48

Көрнекі фото ашық дереккөзден

Көрнекі фото ашық дереккөзден

1 шілде – ҚР Қарулы Күштерінде сержанттар күні. Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Сержанттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

Кәсіби мерекеге орайластырылған үздік кіші командирлерді марапаттау іс-шарасына Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтің жауынгерлері қатысты.

Кездесуде сержанттардың тәжірибесіне, психологиялық төзімділігіне, ұрысты ұйымдастыру мен басқару қабілетіне әскери бөлімшенің жауынгерлік тапсырманы орындауы ғана емес, бағыныштылардың өмірі де жүктелгені атап өтілді.

«Әрбір жауынгер үшін үлгі тұтар тұлға болуы тиіс», – деп атап өтті Қарулы күштердің Бас сержанты – Бас штаб Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы штаб-сержант Темірбек Халықов.

Сондай ардагер сержанттардың бірі – штаб-сержант Мұрат Ағадаев. 1996 жылы кәсіптік училищені бітірген ол мерзімді қызметке шақырылған. 2004 жылы Сарыөзек гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастырады. Онда мотоатқыштар ротасының пулеметшісінен батальон сержантына дейінгі жолдан өтті. 10810, 68665, 83205 әскери бөлімдерінің сержанты және Қарулы күштер Қару-жарақ бастығы басқармасының сержанты қызметтерін абйыроймен атқарды. Запасқа шығар алдында штаб-сержант Мұрат Ағадаев алғыс хатпен марапатталды.

Қызметте ерекше көзге түскен бірқатар сержанттар «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» төсбелгісімен, грамоталармен марапатталып, жекелеген әскери қызметшілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.

Ұлас Үсенбай

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22