Израильдің ресми деректері бойынша, шамамен 100 мың адамды эвакуациялау қажет
Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы Рафах қаласының тұрғындарын аймақты тастап, «кеңейтілген гуманитарлық аймақ» деп аталатын аймаққа көшуге шақырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
IDF Рафах тұрғындарын араб тіліндегі плакаттар, мәтіндік хабарламалар, қоңыраулар және БАҚ үндеулері арқылы хабардар етіп отырғанын атап өтті.
«Бүгін таңертең біз Рафахтың шығысындағы тұрғындарды уақытша эвакуациялау бойынша шектеулі ауқымды операцияны бастадық», - деді IDF өкілі журналистерге.
Израильдің ресми деректері бойынша, шамамен 100 мың адамды эвакуациялау қажет.
Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант Пентагон басшысы Ллойд Остинге Израильдің Рафахқа шабуыл жасаудан басқа амалы жоқ екенін айтты. Галанттың айтуынша, ХАМАС Рафахтан Израиль армиясының позицияларына оқ жаудыруда.
«Басқа таңдау қалмады және бұл Израильдің Рафахтағы операциясының бастауы болады», - деп түйіндеді Галант.