Ресей Порошенко мен Зеленскийге іздеу жариялады

Сол сияқты бұрынғы министрлер де «іздеушілер тізіміне ілінді».

Sarbaz.kz редакторы
06/05/2024 - 11:58

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Ресей ішкі істер министрлігі іздеуде жүргендердің тізіміне Украинаның президенті Владимир Зеленскийді, бұрынғы премьер-министр Владимир Гройсманды, Украина үкіметінің бұрынғы мүшелері мен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің бұрынғы хатшысы Алексей Даниловты енгізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі күні ресейлік агенттіктердің хабарлауынша, Гройсман мен Даниловтан басқа, ішкі істер министрлігінің іздеу базасында қазір бұрынғы ішкі істер министрі Арсен Аваков, бұрынғы сыртқы істер министрі Павел Климкин және Украинаның бұрынғы ақпараттық саясат министрі Юрий Стец бар.

Бір күн бұрын Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийді, бұрынғы президент Петр Порошенконы, Украина қарулы күштері құрлық әскерлерінің қолбасшысы Александр Павлюкті және қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Михаил Ковальды іздеуге жариялаған болатын.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, Ресейдің түкке тұрғысыз мәлімдемелерінен айырмашылығы, Халықаралық қылмыстық соттың ресейлік диктатор Владимир Путинді әскери қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алу ордері толығымен шынайы және әлемнің 123 елінде орындалуға тиіс екенін еске саламыз», - деп мәлімдеді Украина СІМ.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91