СҚО-да 4 мыңға жуық үй су астында қалды

СҚО-да жаңа үйлер салынады, барлық жұмыс күн суығанға дейін аяқталады

Sarbaz.kz редакторы
06/05/2024 - 11:43

Фото: qaz-media.kz

Фото: qaz-media.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 3 898 үйді су басты, 2 330 үй су астында қалды. Бүгінде 694 үй зерттелді, 200 үйге бағалау жүргізілді. Бұл туралы СҚО Өңірлік коммуникацилар қызметінің бөлім басшысы ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу бойынша құрылған арнайы комиссияларға 4 154 өтініш келіп түсті. 3 748 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд 383 млн теңгеден асады.

«Қазір аумақты тазарту жұмыстары басталды. Кожевенный және Ойқала кенттерінде қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін механикалық бригадалармен және техникамен бекітілген аудандар жұмыс істей бастады», - деді Мадина Түлешова. 

Солнечный-2 шағын ауданында үйлердің құрылысы басталды.

«Барлық жұмыс күн суығанға дейін аяқталады», - деді спикер.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91