АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас ушығып барады

АҚШ-тың заң жобасында Тайваньды қолдауға арналған 8 миллиард доллар бар

Sarbaz.kz редакторы
06/05/2024 - 09:30

Фото: Euronews

Фото: Euronews

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға сапарында Вашингтон Мәскеуге қосарлы мақсаттағы өнімдердің жеткізілуіне жол бермейтінін анық айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚХР мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының кездесуінен кейін Бейжің мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынаста жылылық байқалған жоқ.

Келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Қытай басшыларына Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіптік базасын құру үшін пайдаланатын жабдықтар мен материалдарды жеткізіп отырғанына қатты алаңдаушылық білдірді.

Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Бейжің Мәскеуге өзінің әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуға, атап айтқанда, қос мақсаттағы өнімдерді жеткізу арқылы көмектесіп жатқанын айтқан. Қытай сыртқы істер министрлігі Қытайдың әскери салада қолданатын технологиялары мен жабдықтарын Ресейге бергенін жоққа шығарды.

«Қытайдың қолдауынсыз Ресейдің Украинадағы шабуылын жалғастыру қиын болады. Қытайға осыған дейін бірнеше рет айтқанымыздай, трансатлантикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету АҚШ-тың басты мүддесі болып саналады. Бүгінгі талқылауларымызда осы туралы айттым. Қытай бұл мәселені шешпейтін болса, біз оны қолға аламыз», - деді Энтони Блинкен.

Блинкен мен Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Тайвань, Оңтүстік Қытай теңізі, сауда және адам құқықтары мәселелерін де талқылады. Кездесуден кейін олар ашық байланыс желілерін сақтаудың маңыздылығын, бірақ келіспеушіліктердің сипаты барған сайын күрделі болып бара жатқанын атап өтті.

АҚШ-тың заң жобасында Тайваньды қолдауға арналған 8 миллиард доллар бар.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41