Ресей Қорғаныс министрлігі Очеретиноның басып алынғанын хабарлады
Ресейдің Әскери күштері Донецк пен Авдеевканың солтүстік-батысындағы Очеретино ауылын бақылауға алды. Киевтің бағалауы бойынша, бұрынғы 3,4 мың адамнан 200-ге жуық адам қалған, деп хабарлайды РБК телеарнасы.
Ауыл Донецктің солтүстік-батысында 25 км қашықтықта орналасқан. Мұнда Донецк - Покровск және Покровск - Горловка желілеріндегі Очеретино торабының теміржол вокзалы бар.
2021 жылы Очеретинода шамамен 3,4 мың адам тұрды. 2024 жылдың мамыр айының басына қарай, Украина билігінің мәліметінше, онда 198 адам қалған.
Жақында Украина қарулы күштері бұл аймақта ауыр шайқастардың жүріп жатқанын және Очеретиноға бақылауды сақтау үшін резервтердің орналастырылғанын хабарлаған еді.
Украина үшін Очеретиноны жоғалту маңызды логистикалық хабтардың, яғни Константиновка мен Покровск қалаларының, сондай-ақ Великая Новоселька ауылының ресейлік бақылауға өтуіне қауіп төндіреді, деп хабарлады CNN
Forbes атап өткендей, Очеретиноның бір бөлігін Ресей әскерінің бақылауына алу Авдиевкадан (Бахмут) батысқа қарай Украина Қарулы Күштерінің қорғаныс шебін бұзу қаупін тудырады.