Ресейдің Харьковтегі шабуылынан бейбіт тұрғындар зардап шекті

Шабуыл салдарынан үш өрт тіркелді

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 16:24

Фото: BBC

Фото: BBC

Ресей Харьковты түнгі атқылаудан кейн төрт адам, оның ішінде бір бала зардап шекті. Бұл туралы облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ресейлік «шахедтердің» құлауы салдарынан қаланың Основян ауданында екі қабатты кеңсе ғимараты өртеніп кеткен.

Украиналық құтқарушылар Харьковтағы өрттер болғаны туралы хабарлап отыр.

«Үш өрт оқиғасы әртүрлі мекенжайда болды. Ең үлкен өрт шамамен 3 мың шаршы метр болатын қоймаларда болды. Қазір жау соққыларының салдары жойылуда», - делінген Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі таратқан хабарламада.

Днепропетровск облысында да құрбандар мен қираулар бар. Облыстық әскери басқарма басшысы Сергей Лысактың айтуынша, ұшқышсыз ұшақтардың құлауы салдарынан облыстағы маңызды инфрақұрылым нысандары, жеке және көпқабатты тұрғын үйлер, Павлодар ауданында электр желілері және т.б. зардап шекті. Павлоград облысында оқиға салдарынан ер адам мен әйел зардап шекті. Олар орташа ауырлықта ауруханаға жатқызылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91