Ресей Украинаның бірнеше облысына шабуыл жасауы мүмкін

Ресей жалған ақпарат тарату науқанын күшейтуі мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 14:58

Фото: РИА Новости Виталий Аньков

Фото: РИА Новости Виталий Аньков

Ресей Украинаның Харьков, Сум және Донецк облыстарына шабуылдауы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы басшысының орынбасары Вадим Скибицкий Ресей армиясы мамыр айында шабуылға шығып, Донецк, Харьков және Сум облыстарына көбірек күш жұмсауы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Украина қарулы күштерінің Донецк облысындағы Часов Яр қаласы жақын арада ауыр шабуылға ұшырайды.

Киев сонымен қатар Украинадағы мобилизация мен Владимир Зеленскийдің саяси күшіне нұқсан келтіру үшін Ресей жалған ақпарат тарату науқанын күшейтуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Бас барлау басқармасы басшысының орынбасары Украина күресті тоқтатпауы керек екенін, алайда оның нәтижесі Киевке ғана емес, сонымен бірге оның одақтастарының көмегіне де байланысты екенін атап өтті.

Ол өз сөзінде Украина қарулы күштері оқ-дәрі тапшылығынан зардап шегіп отырғанын, салдарынан Ресей басымдыққа ие болып отырғанын айтты.

«АҚШ көмегі алдыңғы шепке жеткенше бірнеше апта өтеді. Бұл ресейлік оқ-дәрі қорымен сәйкес келуі немесе бірден Ресейдің жойқын бомбаларынан тиімді қорғанысты қамтамасыз етуі екіталай», - деді шенеунік.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85