БҚО-да 2,3 мың адам әлі күнге дейін эвакуациялық пунктерде отыр

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеді

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 14:01

Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

Жайық өзенінде судың қазіргі деңгейі – 7 м 99 см. Осыған орай, өңірге жұмылдырылған қосымша күш-құралдар өз облыстарына және Атырау облысына қарай бағытталды. Бұл туралы БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Облыс бойынша жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і – 18 жасқа толмаған балалар. Эвакуациялық пунктерде 2 345 адам орналасқан, оның 1017-і – бала. 3 752 адам өз үйлеріне оралды», – деді спикер.

Қазіргі таңда облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94