Зеленский: Украинаны соғыстың жаңа кезеңі күтіп тұр

Оның айтуынша, Ресей шабуылдау әрекетін кеңейтуге дайындалып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 12:56

Фото: Oleksandr Klymenko/REUTERS

Фото: Oleksandr Klymenko/REUTERS

Президент Владимир Зеленский Украина Ресеймен соғыстың жаңа кезеңімен бетпе-бет келгенін мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина президенті бұл пікірін елдің мемлекеттік шекара қызметінің күнін мерекелеу үшін Хмельницкийге келген шекарашылармен сөйлеген сөзінде айтты.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей шабуылдау әрекетін кеңейтуге дайындалып жатыр.

«Біз бәріміз біргеміз. Украиналықтар, сарбаздар, серіктестеріміз жұдырықтай жұмылып, Ресейдің шабуыл жоспарын болдырмау үшін бәрін істеуіміз керек», – деді Украина президенті.

Ол Украина қарулы күштерінің әскери қызметкерлері мен шекарашылар Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бері 800 күн бойы ресейлік агрессияға қарсы тұра алғанын еске салды.

«Басқыншы қандай жағдайда не істесе де, қаншалықты зұлым әрекет жасаса да, өз мақсатына жете алмайтынын дәлелдеуге тиіспіз», – деді Зеленский шекарашыларға қызметі үшін алғыс айтып.

×

Редакция

$ 465.52  498.2  5.45