«Табиғи апат»: әлемнің түкпір-түкпіріндегі су тасқыны жүздеген мың адамның өміріне қалай әсер етті

2024 жылдың көктемінде жер шарындағы біршама ел су тасқынынан зардап шекті

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 12:27

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Биылғы көктем табиғаттың тосын мінез көрсетуімен басталды. Әлемнің бірқатар елінде болып жатқан тасқын су біздің елімізді де айналып өтпеді. Қазақстанда соңғы отыз жылдағы ең ауқымды су тасқыны орын алды. Қазіргі таңда елімізде және әлемнің түкпір-түкпірінде су тасқынымен қандай күрес жүргізіліп жатыр? Толығырақ Sarbaz.kz порталында. 

Қазақстандағы су тасқыны жағдайы:

Атырауда Жайық өзенінің жағалауларында нығайту жұмыстары жүргізілуде, ал ШҚО-да жауын-шашынның салдарынан Бұқтырма өзенінің деңгейі көтерілді. Құтқарушылар су басқан аумақтарда жұмысты күшейтіп, су деңгейі төмендеді.

Республика бойынша барлығы 48 611 адам өз үйлеріне оралды. Эвакуациялық пункттерде қалған адамдар саны 5 961-ге азайды. 13,9 текше метрден астам еріген су сорылды.


Фото: iz.ru

Ресейдегі су тасқыны жағдайы:

Ресей ТЖМ басшысы қазіргі су тасқыны соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды апат болғанын айтты.Мысалы, Орынбор облысында 12 мыңнан астам үй су астында қалды. Облыста су тасқынынан 37,5 мың адам зардап шекті деп танылды. Облыс тұрғындары биліктен өтемақы ала алады. 3 мамырдағы жағдай бойынша 146 мыңнан астам өтініш беруші 3 миллиард рубльден астам қаражат алған.

Қорған облысында 13 мың адамның мүлкі зардап шекті. Егер мүлік толығымен жоғалған болса, онда азаматтар 100 мың рубль, ал ішінара өтемақы ретінде 50 мың рубль алады.

Алыс-жақын шет елдердегі жағдай:

Қырғызстанда 264 үй су астында қалды. Ел ТЖМ мәліметінше, 9 үй жартылай қирап, 2 үй толығымен қираған. Нәтижесінде 7 әлеуметтік нысан су астында қалды. Сонымен қатар бір адам қаза тапты – оны сел тасқыны алып кетті.


Фото: Global Look Press

Ең қатты су тасқыны Қытайдың оңтүстігінде болды. Кем дегенде 83 мың адам эвакуацияланды, 1,6 миллион үй электр қуатынан айырылды, мың мектеп жабылды. Таулы аймақта көшкін басталды. Жауын-шашынның көп түсуіне себеп болған су тасқыны соңғы 50 жылдағы ең үлкен апат деп танылды.

Жойқын су тасқыны мен дауылдың салдарынан кем дегенде 4 адам қаза тапты. Экономикалық шығындар 140,6 миллион юаньға бағаланады, бұл шамамен 20 миллион долларды құрайды.

Бразилияда қатты жауын-шашын 29 адам қайтыс болған елдің оңтүстігіндегі Рио-Гранде-ду-Сул штатында үлкен су тасқынын тудырды. Бұл 10 миллион тұрғыны бар штаттың 50 муниципалитетіне әсер етті. 500 мыңнан астам үй сусыз қалды, 300 мың үйде жарық сөндірілді. 10 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Штат тұрғындарына көмектесу үшін Бразилияның 8 ұшағы мен 600 әскери қаруы жіберілді.


Фото: AFP

Ауғанстанның солтүстік-шығыс провинцияларына қалың қар жауды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жылдың осы уақытында жауын-шашын өте сирек кездесетін құбылыс. 50-ден астам адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды, 800 үй қирады, 1600 ауылшаруашылық жерлері зардап шекті.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85