Еуропада Палестинаны қолдайтын студенттердің наразылығы күшейіп келеді

Олар Израильмен ғылыми ынтымақтастықты тоқтатуды талап етті

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 11:58

Фото: Euronews

Фото: Euronews

АҚШ-тан кейін Франция мен өзге де Еуропа елдерінде Палестинаны қолдайтын студенттердің наразылықтары күшейіп келеді. Париж бен Лозаннада студенттер билікті «Газа секторында қырғын жасаған Израильдің сыбайластары» деп айыптады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция Париждегі Саяси зерттеулер институтының ондаған студентін алып кетті. Олар Газа секторының тұрғындарын қолдап, Палестина туынының астында түрлі ұрандар айтты.

Бейсенбі күнгі кештен бері аталмыш институттың ғимараты бос емес, сондықтан әкімшілік сабақтарды онлайн режимге көшіруге мәжбүр болды.

Студенттер кейін Сорбонна университетінің жанында наразылық акциясын өткізіп, Израильдің Газадағы шабуылын тоқтатуға шақырды.

Мұндай шерулер елдің басқа да бірқатар университеттерінде, оның ішінде Лилль мен Лионда да өтті.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, полиция енді Саяси зерттеулер институтының жанына орналаспақ. Бұл оқу орнының түлектері арасында президент Эммануэль Макрон мен премьер-министр Габриэль Атталь бар. Бұған дейін де палестиналықтар мен израильді жақтаушылар арасында қақтығыс болған.

Палестинаны қолдайтын шерушілер билікті он мыңдаған газалықтың өмірін қиған соғыстағы Израильдің сыбайластары деп айыптайды.

Саяси және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ғимаратын басып алған Швейцарияның Лозанна университетінің студенттері де осындай ұстанымда.

«Біз Израиль мемлекетімен ғылыми ынтымақтастықты тоқтатуды талап ету үшін келдік», – дейді наразылық білдірушілердің бірі.

100-ге жуық студент университет ғимаратында түнеп, басшылыққа бірқатар талап қойды. Оларды басшылық қабылданғаны хабарланды. Жағдай салыстырмалы түрде қазір тынышталды.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5