WSJ: Ресейге салынған санкцияларға байланысты Boeing ұшақтарына қажет бөлшектер жетіспейді

Бұл мәселе енді ұшақ өндірісін тежейтіні анық

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 11:27

Фото: topnews.ru

Фото: topnews.ru

Boeing компаниясы 787 Dreamliner ұшағының өндірісінде жаңа проблемаларға тап болды. Ресейге салынған санкцияларға байланысты ұшаққа қажет бөлшектер жетіспейді, деп жазады Wall Street Journal. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселе ауаны баптау жүйелеріне арналған жылу алмастырғыштарқа қатысты. Санкциялар енгізілгенге дейін оларды «HS-Nauka» АҚ және америкалық RTX Collins Aerospace бірлескен кәсіпорны шығарған.

Ресейдің Украинаға шабуылы басталғаннан кейін бұл кәсіпорын жабылып, өндіріс АҚШ пен Ұлыбританияның зауыттарына берілді, бірақ олардың қуаттары Boeing-тің қажеттіліктеріне жетпейді.

«Шабуыл басталғаннан кейін өндіріс орны өзгерді, бірақ жеткізушінің қуаты жетпейді», – деді Boeing-тің бас директоры Дэйв Кэлхаун.

Бұл жағдай салыстырмалы түрде қарапайым үзілістердің жаһандық жеткізу тізбегіне қалай әсер ететінін көрсетеді, деп жазады WSJ.

Boeing-тің жеткілікті жылу алмастырғыштарды шығаруға қабілетсіздігі, ұшақ үшін маңызды, бірақ салыстырмалы түрде қарапайым бөлігі компанияның Dreamliner шығаруына шектеу енгізетінін білдіреді.

Өткен аптада Boeing жылу алмастырғыш мәселесінен басқа, жолаушылар салонына арналған орындықтарды өндіруде қиындықтар бар екенін айтты, бұл 787 лайнерлер түрінің өндірісін тежейді.

Материалдық жетіспеушілік пен сертификаттаудың кешігуіне байланысты жеткізушілер әсіресе бизнес-кластағы орындарға сұранысты қанағаттандыра алмайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16