Су тасқынынан кейін Каспий теңізінің деңгейі көтерілді ме?

3 мамырдағы жағдай бойынша ахуал белгілі болды

Sarbaz.kz редакторы
04/05/2024 - 10:28

Фото: Michael Runkel / Robert Harding RF / AFP / East News

Фото: Michael Runkel / Robert Harding RF / AFP / East News

«Қазгидромет» РМК Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейінің жай-күйі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында атап өткендей, 3 мамырдағы жағдай бойынша Каспий теңізінің деңгейі оның солтүстік-шығыс бөлігінде Пешной теңіз станциясының деректері бойынша Балтық жүйесі бойынша -27,87 м белгісіне жақын, шығыс бөлігінде Форт-Шевченко, Ақтау, Құлалы арал деректері бойынша Балтық жүйесі бойынша -29,16 м белгісіне жақын орналасқан.

«Пешной теңіз станциясындағы теңіз деңгейінің көтерілуі Жайық өзеніндегі су тасқыны кезеңімен байланысты және жыл сайын сәуір-мамыр айларында әртүрлі қарқындылықпен қайталанады. 3 мамырдағы жағдай бойынша Жайық өзені – Атырау қаласы маңында су деңгейі 471 см құрады. «Қазгидромет» РМК-ның 2-7 мамырға жасаған болжамына сәйкес Солтүстік Каспийде теңіз деңгейінің орташа мәні -27,77 м-ден -29,3 м-ге дейінгі ауытқулармен минус 28,5 м белгісіне жақын болады деп күтіліп отыр. Желшегерме-желкөтерме құбылыстары күтілмейді, теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды», – деді спикер.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08