Словакияда билікке наразы мыңдаған адам митингке шықты

Олар БАҚ-тың сөз бостандығын шектеуіне наразылық білдірді

Sarbaz.kz редакторы
03/05/2024 - 16:43

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Словакия астанасы Братиславада мыңдаған адам митингке шықты. Олар биліктен қоғамдық теледидар мен радионы реформалаудан бас тартуды талап етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Демонстранттар үкімет елдегі ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарын өзіне бағындырып, сөз бостандығын шектеуді көздеп отыр деп есептейді.

«Біз барлығына бостандығымызды тартып алуға, өзіміз жақсы көретін Словакиядан қуып шығуға, Фицоның (премьер-министр) Словакияны Еуропаның шегінен тыс, Ресейдің бір жеріне апаруына жол бермейтінімізді көрсетеміз», - деді «Прогрессивті Словакия» партиясының жетекшісі Михал Шимечка.

Реформаға сәйкес, RTVS қоғамдық телеарнасы өз қызметін тоқтатып, оның орнына жаңа ұйым келеді. Оның басшылығын премьер-министр Роберт Фицоның партиясы құрайтын министрлер кабинеті мен парламент тағайындайтын кеңес сайлайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91