«Орынсыз әзіл»: Шольц Украинаның Taurus зымырандарын беру туралы өтінішіне дөрекі жауап берді

Германия канцлері Украинаға Taurus зымырандарын беруден бас тартып отыр

Sarbaz.kz редакторы
03/05/2024 - 16:16

Фото: Sputnik / Сергей Гунеев/POOL

Фото: Sputnik / Сергей Гунеев/POOL

Германияның канцлері Олаф Шольц Люнебург қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар Олаф Шольцтан неліктен Берлин Киевке Германияның ұзақ қашықтықтағы Taurus зымырандарын бермей отырғанын сұрады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда кездесудің толық бейнежазбасы жарияланды, онда канцлердің бұл сұраққа мысқылмен жауап бергені байқалады.

«Қару-жарақ бар. Бірақ оларға бақылау сақталған жағдайда ғана жеткізуге болады. Мұнда достар арасындағы әзіл секілді «Маған сенбейсің бе?» деген дебат жасауға болмайды. Әрине, мен досыма сенемін. Дегенмен, мен бәріне барлық қаруды бермес едім», - деп Шольц күлді.

Bild басылымының шолушысы Юлиан Левенич канцлердің бұл пікірін «украиналықтар туралы орынсыз әзіл» деп есептейтінін айтты.

«Шольц өзінің әзіліне күліп отыр, ал украиналықтар күн сайын ресейлік зымырандардан өлім құшып жатыр. Олар Путинге тосқауыл қою үшін Taurus-қа қатты сенім артып отыр. Ол оларды дос ретінде көргенмен, қару-жарақ беруге жеткілікті түрде сенбейтіні анық көрсетті», - деді Юлиан Левенич.

Айта кетейік, осыған дейін Германия канцлері Украинаға Taurus зымырандарын беруден бас тартқаны хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91