БҚО-да су тасқынына байланысты екі ауылмен көлік қатынасы үзілген

БҚО-дағы су тасқыны жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда

Sarbaz.kz редакторы
03/05/2024 - 15:26

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Өңірде су басу қаупі сейіліп келеді. Жайық өзеніндегі су деңгейі күн санап төмендеп жатыр. Соңғы тәулікте 7 см-ге түсті. Судың қазіргі деңгейі – 8 м 6 см. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазіргі уақытта Ақжайық және Теректі аудандарында жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы бақылауда. Тәулік ішінде эвакуацияланған адамдар жоқ», – деді спикер.

Бүгінде Тайпақ ауылында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілгені байқалады. Соңғы тәулікте 55 см дейін көтерілген, қазіргі деңгейі 8 м 5 см құрап отыр. Облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.

Жалпы, облыс бойынша су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстарына 899 адам, 177 бірлік техника, 24 су сору құралы, 19 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91