Сарбазды аспанға оқ атып, қарсы алғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оқиға 30 сәуірде болған

Sarbaz.kz редакторы
03/05/2024 - 11:24

Фото: Instagram / police_almobl / Видеодан скриншот

Фото: Instagram / police_almobl / Видеодан скриншот

Алматы облысында әскерден келген жігітті тапаншадан оқ атып қарсы алды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқиғаға қатысты Алматы облысының полициясы мәлімдеме жасады.

«Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданының Көксай ауылында болған оқ атқан жастар тарапынан бұзақылық әрекет фактісі анықталды.

Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.

Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Екі жас бала уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53