Су басқан өңірлерде 6 мыңға жуық адам үйіне орала алмай жүр

48 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Sarbaz.kz редакторы
03/05/2024 - 11:11

Фото: t.me/aqorda_resmi

Фото: t.me/aqorda_resmi

Су тасқыны болған аймақтарда 48 мыңнан астам адам үйлеріне оралды. Ал 5 961 адам эвакуациялау пункттерін паналауға мәжбүр. 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорып, шығарылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Спикердің айтуынша, 13,9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда.

«Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылып жатыр. Жайық өзені жағасының сумен шайылуының алдын алу үшін мұнай-газ компаниясының күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұзындығы 600 метр теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды», – деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан Алтай ауданының Зубовск ауданында 24 аула аумағын су басты.

«Бөгеттерді бекіту және су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде. Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеді. Өзеннің су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда», – деді спикер.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам  адам, 1 523 техника, 244 су сору құралы және 79 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93