Иран АҚШ пен Ұлыбританияға санкция салды

Санкцияларға Ирандағы шоттарды тоқтату және активтерді бұғаттау, сондай-ақ елге кіруге тыйым салу кіреді

Sarbaz.kz редакторы
03/05/2024 - 09:03

Фото: AP / Vahid Salemi

Фото: AP / Vahid Salemi

Иран Израильді қолдағаны үшін АҚШ пен Ұлыбританияға санкция салды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шаралар, нақтырақ айтқанда, Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шэппске, генерал Джеймс Хоккенхаллға және Қызыл теңіздегі британ теңіз күштерінің кемелеріне қарсы бағытталған.

Сондай-ақ санкциялар тізімінде АҚШ-тың жеті азаматы бар, олардың арасында генерал Брайан Фентон мен АҚШ әскери-теңіз күштері орталық қолбасшылығының қолбасшысы, вице-адмирал Брэд Купер бар.

Бұдан бөлек, АҚШ пен Ұлыбританияның бірқатар компанияларына, оның ішінде америкалық Lockheed Martin және Chevron фирмаларына, сондай-ақ британдық Parker Meggitt, Rafael UK компанияларына және израильдік Elbit Systems қорғаныс компаниясының британдық еншілес кәсіпорнына санкциялар салынды.

Санкцияларға Ирандағы шоттарды тоқтату және активтерді бұғаттау, сондай-ақ елге кіруге тыйым салу кіреді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91