Бишімбаев Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойып, күшпен мойындатқан – адвокат

Пікірталас барысында Ишмаметов сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аударды

Sarbaz.kz редакторы
02/05/2024 - 17:44

Фотоколлаж: Sarbaz.kz / Жанель Абуева

Фотоколлаж: Sarbaz.kz / Жанель Абуева

Қуандық Бишімбаев видеода Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған. Бұл туралы бүгін пікірталас барысында зардап шеккен тараптың қорғаушысы Дамир Ишмаметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Пікірталас барысында Ишмаметов сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аударды.

«Видеолардың әрқайсысында ол Нүкенованың некедегі ер адаммен жыныстық қатынаста болғанын күшпен мойындатқан. 8-9 қараша аралығындағы оқиғаларға қайта оралсақ, сотталушыларды қылмыс жасады деп айыптайтын бірқатар дәлелдер келтірілді. 20 минуттан астам уақытқа созылатын видеода Бишімбаев мына сұрақты 175 рет қайталап қояды: «Сен онымен (басқа еркекпен) жыныстық қатынасқа түстің бе? Осы сұрақты 175 рет қайталап қояды», – деп атап өтті адвокат.

Қорғаушының айтуынша, видеолардың арасында Бишімбаев Нүкеноваға қол көтеріп, күшпен мойындатқан.

Айта кетейік, бүгінгі пікірталас барысында Салтанат Нүкенованың бауыры Айтбек Амангелді сотталушылар Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаевтың қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы тірілтпек болған әрекеттері туралы айтты.

×

Редакция

$ 467.29  501.03  5.35