Бразилияда су тасқынынан 10 адам қаза болды

1400 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған

Sarbaz.kz редакторы
02/05/2024 - 14:42

Фото: Anadolu

Фото: Anadolu

Бразилияда толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, алдын ала мәлімет бойынша, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен адам шығынына себеп болды.

Азаматтық қорғаныс мәлімдемесінде су тасқыны салдарынан осы уақытқа дейін 10 адамның қаза тапқанын, жоғалған 21 адамды табу үшін іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, 1400 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, аймаққа көмек тобы жіберілгені хабарланды.

Бразилия президенті Луис Инасио Лулу да Силваның тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберілді.

Штат губернаторы Эдуардо Лейте әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде аймақта нөсер жаңбырдың әлі де жалғасатынын атап өтіп, азаматтарды сақ болуға шақырды.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07