«Өлі денесін қорлады»: Нүкенованың бауыры Бишімбаев пен Байжановтың әрекеті туралы айтты

Олар өлі денені тірілтпек болған

Sarbaz.kz редакторы
02/05/2024 - 12:58

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Салтанат Нүкенованың бауыры Айтбек Амангелді сотталушылар Бақытжан Байжанов пен Қуандық Бишімбаевтың қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы тірілтпек болған әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Байжанов аяушылық, жанашырлық сезімін оятуы мүмкін. Бірақ оған алданбауыңызды сұраймын. Екеуі бірге қылмыс жасап, әпкемнен айырды. Оның үстіне, олар Салтанаттың сол кезде өліп қалғанын біле тұра, оның суық денесін реанимациялауды имитациялаған. Бұл жай ғана оны қорлау.

Жедел жәрдем диспетчерімен сөйлескен жазбаларды тыңдағанда, ең алдымен оның өлі денесін қорлағаны үшін ашуландым. Бұл көмектесу әрекеті емес», — деді сот отырысында марқұмның ағасы Салтанат Нүкенова.

×

Редакция

$ 467.29  501.03  5.35