Зеленский киберқауіпсіздікке жауапты қызметкерін жұмысынан босатты

4 сәуірде ол қызметінен уақытша шеттетілген

Sarbaz.kz редакторы
02/05/2024 - 11:13

Фото: ssu.gov.ua

Фото: ssu.gov.ua

Украинаның қауіпсіздік қызметі киберқауіпсіздік департаментінің басшысы Илья Витюк қызметінен босатылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украина президенті Владимир Зеленский лауазымды қызметкерін жұмысынан босатқаны туралы тиісті жарлық президент кеңсесінің сайтында жарияланған.

Украинаның «Слідство.інфо» басылымы біраз уақыт бұрын Витюк отбасының мүлкіне қатысты тергеу жасаған. Журналистердің айтуынша, оның әйелі 2023 жылдың желтоқсанында Киевтегі элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған.

Декларацияда пәтердің құны 12,8 миллион гривен екені айтылған, бірақ оның нарықтағы құны 20 миллион гривеннен асатыны дәлелденген. Ал мұндай баспанаға отбасының ресми жалақысы жетпейді, деп есептейді журналистер.

4 сәуірде Витюк қызметінен уақытша шеттетіліп, ішкі тексеру кезеңіне алдыңғы шепке жіберілді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91