Украина Қырымды америкалық ATACMS зымыранымен атқылады

Зымырандар үш әскери бөлімге және Жанкой аэродромына тиген

Аян Кайырбаев
01/05/2024 - 16:31

Stringer/REUTERS

Stringer/REUTERS

Украина әскері Ресей аннексиялаған Қырымды АҚШ-тан әскери көмек ретінде алған ұзақ қашықтыққа ұша алатын ATACMS зымырандарымен атқылады. Бұл туралы «Біз Ресеймен біргеміз» оккупация қозғалысының төрағасы Владимир Рогов мәлімдеді, деп хабарлайды dw.com сайты.

Кейінірек Ресей Қорғаныс министрлігі брифинг барысында ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бір күнде 6 ATACMS зымыранын атып түсіргенін мәлімдеді.

Аннексияланған Қырымның Ресей тағайындаған басшысы Сергей Аксенов те Симферополь маңындағы Донское ауылында «ATACMS зымырандары атып түсірілгеннен кейін, жарылмаған оқ-дәрілер шашырап кетті» деп хабарлады.

ASTRA Telegram арнасы Қырым Төтенше жағдайлар министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Жанкой әскери аэродромына зымыран соққылары жасалғанын, шабуыл нәтижесінде 5 ресейлік сарбаздың жараланғанын жазды.

Сонымен қатар, ATACMS үш әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшесіне, Донское ауылында, сондай-ақ Саки және Қара теңіз аймақтарында шабуыл жасады. Кем дегенде 4 әскери қызметкердің жараланғаны белгілі.

Жанкой аэродромына және Ресей Федерациясының үш әскери бөлімшесіне шабуыл жасалғанын басқа растау жоқ.

Бұған дейін АҚШ-тың Украина территориясында пайдалану үшін Украинаға қысқа және ұзақ қашықтықтағы ATACMS зымырандарын жеткізіп қойғаны белгілі болған. Алғашында бірқатар америкалық БАҚ таратқан соңғы апталардағы құпия жеткізілімдер туралы ақпаратты Мемлекеттік департаменттің өкілі Ведант Пател растады.

Мен АҚШ президентінің тікелей бұйрығымен Украинаға ATACMS ұзақ қашықтықтағы зымырандарды жеткізгенін растай аламын, – деді ол.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91