Талдықорған полициясының экс-басшысы зорлық жасағаны үшін 11 жылға сотталды

Ол полиция полковнигі арнаулы атағынан айырылды

Аян Кайырбаев
01/05/2024 - 11:39

facebook.com/Марат Күштібаев

facebook.com/Марат Күштібаев

Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс қызметтік міндеттерін атқару кезінде жәбірленушіге күш қолданып зорлау фактісі бойынша (ҚК 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы) қаралды.

Айыптау актісіне сәйкес, 2023 жылдың 12 қарашасында К. Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы бола тұра полиция бөлімінің ғимаратында, атап айтқанда, өз кабинетінде зорлау, яғни жәбірленушіге күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түскен.

«Сот үкімімен Күштібаев Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 5 тармағымен кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес ол полиция полковнигі арнаулы атағынан айырылды», - делінген соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін прокурор соттан оны 12 жылға бас бостандығына айыруды сұраған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91