Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім: Блинкен мәселелерді талқылау үшін Каирге барды

Бортында 500 тонна азық-түлік бар екінші кеме Ларнака портында дайын тұр

Sarbaz.kz редакторы
30/04/2024 - 17:54

Фото: Mohammed Dahman / AP

Фото: Mohammed Dahman / AP

Кипрде Газа секторының тұрғындарына теңіз арқылы гуманитарлық көмек жеткізуді ұлғайту үшін келіссөздер жүріп жатыр. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы бітімге келу, ХАМАС кепілге алған адамдарды босату және газалықтарға қажетті көмек көрсету мәселелерін талқылау үшін Каирге барды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының хабарлауынша, халықаралық қауымдастықтың Газаның солтүстігіне көбірек көмек көрсету туралы қайта-қайта шақырғанына қарамастан, наурыз айында көмек колоннасының жартысына жетер-жетпесі Газаның солтүстігіне жеткен.

36 елдің және халықаралық ұйымдардың, оның ішінде G7 мемлекеттері мен ЕО өкілдері Кипрде сектор тұрғындарына көмектесу үшін теңіз дәлізінің жұмысына қатысты техникалық мәселелерді талқылауда.

«Қанша қайық, қанша кеме? Қабылдау мен таратуда шектеулер бар екенін есте ұстаған жөн. Мәселе көмекті осында сақтау және оның Газаға баруын күту емес, мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеу үшін оны тез жеткізу», - деді Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос.

Комбос өз сөзінде бортында 500 тонна азық-түлік бар екінші кеменің Ларнака портында жолға шығуын күтіп тұрғанын айтты. Жерорта теңізі дәлізі арқылы 200 тонна көмек тасымалдаған алғашқы кеме өткен аптада Газаға жетті.

Газа тұрғындарына әуе арқылы да көмек жеткізілуде. Бейсенбіде Иордания, Мысыр, Германия, Сингапур және АҚШ әуе күштерінің жеті ұшағы апаттық заттар мен азық-түлік салынған қораптарды парашютпен ұшырды.

Атысты тоқтату, Газа секторында кепілге алынғандарды босату және қосымша гуманитарлық көмек жеткізу мәселелерін талқылау үшін келіссөздерге АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келді.

Блинкен Сауд Арабиясынан кейін Израильге барады.

Тель-Авивте ол ХАМАС ұйымын жою, Рафахтағы әскери операция барысында бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне кедергі келтірмеу және Израильдің жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды, деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91