Сергеев су қоймасындағы жағдай: тасқын су бөгеттен 1,6 метрге асып кетті

Ал Есіл өзенінің жоғарғы жағында және оның салаларында су деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады

Sarbaz.kz редакторы
30/04/2024 - 16:57

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай тұрақтанып келеді. Сергеев су қоймасы 129%-ға толып, су бөгет шыңынан 1 метр 65 см асты, тәулігіне 10 см төмендеді. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Есіл ауданында Есіл өзенінде Покровка селосының гидробекетінде су деңгейі 28 см Новоникольское селосында 26 см төмендеді. Петропавл қаласында тәулігіне 19 см төмендеді.

«Қазір 312 үйден су кетті. Қазіргі сәтте, 3586 үй және 760 үй маңындағы аула суда тұр. 13624 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3396-ы бала. Қазіргі кезде халықты уақытша орналастыру пункттерінде 906 адам, оның ішінде 159 бала бар», - деді Евгений Журавлев.

ТЖ жоюға барлық күштер жұмылдырылды, су тасқынына қарсы іс-шараларын орындауға қазір СҚО ТЖД, ТЖМ-нің Астана, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарының күштері тартылған. Олар 384 адам жеке құрам, 55 техника, 15 су сорғысы, 13 жүзу құралдары құрайды және Қызылжар ауданында және Петропавл қаласында шоғырланған.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85