Ресей Украинаның тағы бір ауылын басып алғанын хабарлады

Осыған дейін Новобахмутовка ауылын басып алғанын хабарлаған

Sarbaz.kz редакторы
30/04/2024 - 11:47

Фото: Вячеслав Ратинский / Reuters

Фото: Вячеслав Ратинский / Reuters

Ресей қорғаныс министрлігі Донецк облысындағы Семёновка ауылының басып алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір күн бұрын олар Авдеевкадан солтүстік-батысқа қарай он шақырымдай жерде орналасқан Новобахмутовка ауылының алынғаны туралы хабарлады.

Авдеевка ұзаққа созылған шайқастан кейін осы жылдың ақпан айында толығымен ресейлік әскерлердің бақылауына өтті. Содан бері Ресей қарулы күштері Украинаның шығысындағы позицияларын қарқынды түрде нығайтып, оқ-дәрі тапшылығынан қиындық көріп отырған Украина қарулы күштерінің бөлімдерін шегінуге мәжбүр етті.

Сәуір айының ортасында Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский шығыс майдандағы жағдайдың «айтарлықтай нашарлағанын» айтқан.

«Бізді жақын арада өте қиын жағдай күтіп тұр», - деді Украина әскери барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02