Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі

Sarbaz.kz редакторы
30/04/2024 - 11:22

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше атап өтемін. Бүгінде Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Бұған қоса, елдеріміз халықаралық және өңірлік формат алаңдарында бірлесе белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы ретте болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4